15
ноябрь
2024
«Теңге- Тәуелсіздік келбеті» тәрбие сағаты, 7 «Ж» сынып
15 қараша күні «Ұлттық валюта» күніне орай, «Теңге- Тәуелсіздік келбеті» тақырыбында 7 «Ж» сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгенің шығу тарихымен таныстыра отырып, оқушылардың қаржы сауаттылығын дамыту, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушылар ақшаның шығу тарихы, маңыздылығын түсіне отырып, қаржылай сауатттылықтарын кіріс, шығыс қаржы бойынша топпен, жұппен жұмыс жасады. Сонымен қатар, адалдық, шыншылдық адам өмірінің маңызды құндылықтары екені айтылды. Сынып жетекшісі: А.Еділбай.



