06
январь
2025
«Үнемі оқитын табысты адам»
06 қаңтар күні 10 сынып оқушылары арасында «Үнемі оқитын табысты адам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің оқыған кітаптары туралы тақылау жұмыстары жасалынды.
Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту.
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі.