03
декабрь
2024
«Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған» атты бастауыш онкүндігінің ашылуы
2 желтоқсан күні «Баспалдағы білімнің - бастауыштан басталған» атты бастауыш онкүндігінің ашылу салттанатты жиыны өтті. Біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып «Шаңырақ»ойынын ойнаттық.Ойынның мақсаты: ата-бабамыздан мұра болып қалған құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру,сөз мәйегі мақалдың маңыздылығын ұғындыру.«Крестики-нолики»ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Жиын барысында кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған өнерлі бүлдіршіндеріміз ән салып, би билеп, тақпақтарын оқып өз өнерлерін көрсетті.
Жалпы мақсатымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.