Біз туралы » Страница 38 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауы
17
февраль
2024
"Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауы
Республикалық "Жарқын Болашақ" ғылыми - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VIII Республикалық "Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша өнер көрсеткені үшін "Домбырашылар" оркестрі Бас жүлде, дуэт өнерімен 6 сынып оқушылары Маханов Берекет пен Қарақас Нұрсәт "ЕрТұран" күйімен 1орын, "Дәстүрлі ән" жанры бойынша "Кербез қыз" жетігеншілер ансамблі 1орын иеленіп,  Диплом және медальдармен марапатталды. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Омирбекова Акмарал Саятқызы
"Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауы
17
февраль
2024
"Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауы
Республикалық "Жарқын Болашақ" ғылыми - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VIII Республикалық "Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша өнер көрсеткені үшін "Домбырашылар" ансамблі 2 орын иеленді. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Айнабекова Нұржахан Садвакасқызы
"Train your brain" тақырыбында ашық сабақ
16
февраль
2024
"Train your brain" тақырыбында ашық сабақ
16.02.2024 жылы "I love English" тақырыбы аясында ағылшын тілі онкүндігінде Махамбетова Сабира Сабитовна  10"A" сыныбымен "Train your brain" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар түрлі платформаларды, миға арналған ойын жаттығуын пайдаланды.  Оқушылар жеке,жұптық,топ ішінде тұындаған мәселелерді креативті және бірлесе отырып шешу барысында айтылым, тыңдалым,оқылым дағдыларын  пайдаланып,сабаққа белсене және қызығушылықпен қатыса білді.
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы
16
февраль
2024
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы жобасының “Талдықорған қалалық іріктеу турнирінде” мектебіміздің "Жеті жарғы" дебат фракциясы жүлделі III орын иеленді.   Жетекшісі: Өкен Әбілқайыр Әділғазыұлы Құттықтаймыз! 👏
"Robin Hood 2" тақырыбында ашық сабақ
15
февраль
2024
"Robin Hood 2" тақырыбында ашық сабақ
14.02.2024 жылы Ағылшын тілі онкүндігінде 5 "В" сыныбында ағылшын тілі пәнінен "Robin Hood 2" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Рүстембекова Назерке мақсатқа жету үшін оқушылармен жеке және жұппен тапсырмалар орындады. Сабағында әртүрлі әдістерді, бағалау түрлерін және платформаларды қолдану арқылы балалар белсенді қатысып, қызығушылығы арта түсті.
"Healthy bodies 3" тақырыбында ашық сабақ
14
февраль
2024
"Healthy bodies 3" тақырыбында ашық сабақ
14.02.2024 жылы ағылшын тілі  пән онкүндігі аясында Шалабаев Айдар Шалабайұлы 4"А" сыныбымен "Healthy bodies 3" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында Present Continuous шағымен -ing жалғаулы зат есімнің айырмашылығы туралы түсіндіріліп, пысықтау тапсырмалары орындатылды. Оқушылар берілген ойындар мен тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата алатындықтарын көрсетті.
"Robin Hood 1" тақырыбында ашық сабақ
13
февраль
2024
"Robin Hood 1" тақырыбында ашық сабақ
13.02.2024 жылы   ағылшын тілі  пән онкүндігі аясында Жексембаева Жазира 5"в" сыныбында  "Robin Hood 1" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында мәтіндегі мәліметтерді анықтау мен аңыздың мазмұнын айту мақсатына түрлі тапсырмалар орындатты.Оқушылар өз білімдерін сабаққа белсене қатыса отырып көрсете білді.
"Imagine that!" тақырыбында ашық сабақ
13
февраль
2024
"Imagine that!" тақырыбында ашық сабақ
13.02.2024 жылы "I love English"тақырыбы аясында ағылшын тілі онкүндігінде Жаналиева Гульназ Сериккалиевна  8"A" сыныбымен "Imagine that!" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар түрлі платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті.  Әсіресе, 3D форматта өсімдіктердің құрылымын шынайы бейнеде көрсете алды. Оқушылар ағылшын тілінде айтылым, тыңдалым дағдыларын сабаққа белсене қатыса отырып дамыта білді.
"Жаңа модификациялы үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігін қолдану" тақырыбында қалалық семинары
11
февраль
2024
"Жаңа модификациялы үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігін қолдану"
2024 жылдың 9 ақпан күні  модификациялық кабинет мүмкіндігін іс - тәжірибеде пайдалану, педагогтердің пәндік құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жаңа модификациялы үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігін қолдану" тақырыбында қалалық семинарында  мектебіміздің химия пәні мұғалімі Алтыбаева Мадина Бөрібайқызы өз тәжірибесімен бөлісті.  Әріптестеріне де, шәкірттеріне бөлісетін тәжірибе, білімі мол Мадина Бөрібайқызына шығармашылық табыс тілейміз.
«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау» ашық сабақ.
31
январь
2024
«Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау» ашық сабақ.
     Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруыменен ЕББҚ оқушылармен жұмыс барысында мектебіміздің басбауыш сынып мұғалімі Абишева Айнагуль Амангельдиновна қала мектептерінің мұғалімдерімен іс-тәжірибе бөлісу мақсатында ашық сабақ берді.