"Қазақ даласының қайсар қызы - Мәншүк" М.Мәметованың 100 жылдығына
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Е.Искаков облыс көлемінде тәжірибесімен бөлісті. Ол қазанның 26 күні "Қазақ даласының қайсар қызы - Мәншүк" М.Мәметованың 100 жылдығына арналған ерлік сабағы өтті. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, Мәншүктің ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған және ел тағдыры үшін жауапкершілік сезімін оқушы бойына ұялату мақсатында өткен сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды.