30
январь
2025
"Әрбір бала-жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші
🏆Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында "Әрбір бала-жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті. Кеш барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңінде I орын иеленген 19 оқушымыз қалалық білім бөлімінің атынан арнайы мадақтама мен бағалы сыйлықтарға ие болды.