14
декабрь
2017
Мерекелік іс-шаралар
«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдану
2017 жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдауы өтті.
Қабылданған оқушылардың жалпы саны 158 баланы құрады, оның ішінде «Жас Ұлан» құрамына -57, «Жас Қыран» құрамына 101 бала мүшелікке қабылданды.
Галстук байлау салтанатты рәсімінен кейін «жасұландықтар» мен «жаскырандықтар» ант беріп, ұйымның толық құқықты мүшесі болды.
Іс-шара «Жас Ұлан» балалар- жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларымен дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.
