26
апрель
2023
Сыбайлас жемқорлықты алдын алу
Жетісу облысы ,Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы «Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңырау, ҰБТ, қорытынды аттестаттау жұмыстары кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларға қатаң тыйым салынады:
- 4,9,11 сыныптардың оқу жылының аяқталуына байланысты ақша жинауға, гүл, сыйлық алуға;
- Бітіруші сыныптардың мерекелік іс-шараларын өткізуіне ақша жинауға;
- Қорытынды аттестаттау кезінде, мемлекеттік емтихан барысында ата-аналар тарапынан ақша жинауға, дастархан ұйымдастыруға, гүл, бағалы сыйлық алуға;
- Мектептің оқу жылының аяқталуына байланысты ағымдық жөндеу жұмысына ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынады;
Құрметті ата-аналар, мектепте осы тыйым салынған ескертулер бұзылған жағдайда төмендегі телефон номеріне хабарласуыңызға болады.
Мектеп директоры : Еркинбеков Е.С. 8778 444 43 72