"Lesson Study" - сабақты зерттеу » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2025

"Lesson Study" - сабақты зерттеу


16 мамыр күні «Lesson study» зерттеу жұмысының 2-ші циклі бойыншы музыка пәнінен “Көңілді аспап” тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Зерттеу сұрағы: “Пазл құрастыру” әдісі арқылы оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдысын қалай жақсартуға болады?”.
Сабақ барысында біліктілік және ынтымақтастық атмосферасын "Оркестр құрастыру" әдісі арқылы қалыптастырылды. Үй тапсырмасын Wordwall платформасы арқылы өткен тақырыптарды еске түсірді. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында әртүрлі аспаптардың суреттерімен  көңілді аспапты табу арқылы видео көрсетілді. Зерттеу тобының екінші циклінде алынып отырған сұраққа байланысты “Пазл құрастыру” әдісі қолданылып, аспаптарды табу және сипаттау дескриптор бойынша тапсырмасы жасалды. Аталған Ксилофон аспабының балаларға арналған кіші түрін қолдану арқылы В.АМоцарттың "Түркі маршы" шығармасын ритм арқылы орындадап, кері байланыс берілді. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушыларға өте қатты ұнады.

Пән мұғалімі: Омирбекова Акмарал Бекетовна