LESSON STADY – САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2025

LESSON STADY – САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ

       Сабақты зерттеу жұмысының циклы бойынша  7 «Б» сыныбында математика пәнінен «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында зерттеу  сабағы ұйымдастырылып  өткізілді. 
Зерттеу тобының «Оқу мен оқытуда бағалау арқылы білімді дамытуға бола ма?» деген тақырыпты зерттеуге бағытталды.
7 «Б» сыныбының білім деңгейі мен оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында сабақ жоспары тиімді құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар берілді. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсіл түрлері «Көршіңмен бөліс», «Тәтті тоқаш» «Кеседегі шай» әдістері арқылы берілген тапсырмалар  оқушылардың математика пәнінен қызығушылығын арттырды. Зерделеу тапсырмаларын орндағанда әрбір оқушы өз шамасын, деңгейіне қарай таңдап алған тапсырмаларын дұрыс орындай алды. Сабақта алға қойылған мақсат толықтай орындалды.
Сыныптан А,В,С оқушылары және бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдар таңдалып алынды. Әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспарлауға байланысты сұхбат алынды.
Пән мұғалімі: Умирбекова Жанар Жаксылыковна