Құқық бұзушылықтың алдын алу
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні, «Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ, Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың орын алмау мақсатында 8 - 9 сынып оқушылары арасында құқық қорғау мамандары және Жетісу психологиялық орталығының мамандарының қатысуымен профилактикалық кездесу өтті.
Аталған іс-шараға - Облыстық психологиялық қолдау орталығынын психолог-әдіскері, А.Куркебаева, Д.Кенжебайқызы, Талдықорған ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УИ, Полиция капитаны С.Караулов, мектеп директоры Е.Еркинбеков, 8,9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Білім алушыларға кез-келген құқық бұзушылықтың орын алмауына және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жан-жақты ақпараттар берілді. Жарқын болашақтың тірегі — жастар. Сондықтан жасөспірімдерді кейін өкінерлік іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз — білім алып, спортпен шұғылдану. Аталған іс-шараға барлығы 70 оқушы қатысып, ақпарат алды.
