«Ата-аналармен онкүндік» іс шарасы "БІЗ ОҚЫҒАН БІР КІТАП" жобасы, ата-аналармен оқырмандар конференциясы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2025

«Ата-аналармен онкүндік» іс шарасы "БІЗ ОҚЫҒАН БІР КІТАП" жобасы, ата-аналармен оқырмандар конференциясы

6 ақпан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында оқушыларға құндылықтарды дарыту, олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту және тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында 10 сынып ата - аналары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқып, талқылады.
 
️Бұл шығарма – ұлттық құндылықтар мен мінез, салт-дәстүр, тәлім-тәрбие мәселелерін көтеріп, әр оқырманға терең ой салады. Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан әрбір сөз біздің болмысымызды, ұлттық мұрамызды, еліміздің тарихын айшықтайды. Ата - аналар шығарманы талдай отырып, қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын, тәрбиенің мән-маңызын ерекше атап өтті. Әр қатысушы өз пікірін ортаға салып, талқылауға белсене атсалысты.
 
️Осы шара барысында ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды жаңаша көзқараспен саралап, жастарға дұрыс тәрбие беру қажеттілігі туралы ой пікірлерін айтты.