18
февраль
2025
“Біз адал ұрпақпыз” бірыңғай тәрбие сағаты
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ақпан айның 18 і күні “Біз адал ұрпақпыз” тақырыбында барлық сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттарына мектеп менторы Е.Курмангалиев қатысып, өз баяндамасын жасады.
МАҚСАТЫ:
- Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жат әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
- Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.

