21
январь
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу.
Оқушылар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағыттау, оқушылардың, актерлік шеберліктерін дамыта отырып, қоғамда тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында 21 қаңтар күні Ынтымақ ауылындағы Nº30 орта мектебінің базасында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Театр -тәрбие бастауы» атты қалалық байқау өтті. Шараға «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін - өзі басқару ұйымының оқушылары да қатысып, мектеп командасы «Алғыс хатпен» және «Ең үздік жас актриса» номинациясымен 10Б сынып оқушысы Тұрсынғали Айзере марапатталды.



