Тәжірибе алаңы: «Сабақтың қысқа мерзімді жоспарына құндылықтарды кіріктірудің әдіснамалық тұжырымдамасы» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2026

Тәжірибе алаңы: «Сабақтың қысқа мерзімді жоспарына құндылықтарды кіріктірудің әдіснамалық тұжырымдамасы»

 «Ғылым және тәжірибе» қоғамдастығының жоспарына сәйкес, педагогика ғылымының магистрлері А. М. Кенжебаева  мен Н. С.Кожагулова
«Сабақтың қысқа мерзімді жоспарына құндылықтарды кіріктірудің әдіснамалық тұжырымдамасы» тақырыбында тәжірибелік алаңда өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алаңының мақсаты  – сабақ барысында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тиімді кіріктіру жолдарын тәжірибе арқылы көрсету, педагогтердің әдістемелік шеберлігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу.
Тәжірибелік алаң барысында қатысушыларға құндылықтарды әрекет арқылы сезіндіру мақсатында арнайы ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында жауапкершілік, ынтымақтастық, тәртіп және белсенділік секілді құндылықтардың көрінісі байқалды. Қатысушылар берілген тапсырманы орындау арқылы топтық жұмыс пен ұйымдасқан әрекеттің маңызымен жұмыс жасады.
Сонымен қатар бейнежазба көрсетіліп, оқушылар әрекеті талданды.  Педагогтер тиімді әдіс-тәсілдер ұсынып, құндылықтарды іс-әрекет арқылы қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.
Іс-шара мазмұнды, тәжірибеге бағытталған әрі нәтижелі өтті.