12
март
2026
«Шығармадағы кейіпкер –ұстаз» арт терапиясы
12 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пән онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Р.Стыбаева, Ф.Жолдыбаев, Л.Жүнісбек мектеп мұғалімдерімен «Шығармадағы кейіпкер –ұстаз» тақырыбында әдеби терапия өтті. Бүгінгі өткен әдеби терапия — бұл жай ғана шығармашылық кеш емес, бұл жанның өзімен-өзі бетпе-бет келуі болды. Мұғалімдер классикалық поэзияның көмегімен бұйығып жатқан сезімдерді сыртқа шығарды. Әрбір қиылған сөз, әрбір жапсырылған жол — қатысушының басынан өткерген оқиғасының, сағынышының немесе үмітінің қолтаңбасы іспетті.Терапия соңында әсем әуенмен көңіл толқытып, мұғалімдер жаңа шабыт алды.
