23
апрель
2026
Қалалық семинарда тәжірибе бөлісу
"Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары: оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары" тақырыбында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің тәжірибе алмасу семинары өтті.Семинарға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Р.Стыбаева мен Л.Жүнісбек барып, "Мәтін арқылы тұлғаны қалыптастыру: Талдаудан шығармашылыққа" деген тақырып аясында іс -тәжірибелерімен бөлісті.Қ. Бітібаеваның «Ой түю» кезеңіндегі «Сөзбен сурет салу», «Шығармашылық жұмыс» , "Әдістемелік инсталляция" әдістерінің заманауи, практикалық-интерактивті формасын көрсетті.Семинарда әріптестеріміз сөзбен емес, заттар мен символдар арқылы кейіпкер тұлғасын ашып көрсетті.