Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2019

Мерекелік іс-шаралар

Дені сау ұрпақ – қоғамның қуаты дегендей, жастардың спортты серік етіп, айналасына үлгі боларлықтай жетістікке жетуі кімді болсын сүйсіндірері сөзсіз. Жалпы, жастайынан дене тәрбиесіне көп көңіл бөліп өскен жеткіншек түбі бір белесті бағындырады. Әсіресе, мектеп қабырғасынан баланың спортқа деген құлшынысы ерте оянады. Сондықтан болашақ олимп шыңын бағындырар жастардың зейінін арттыру үшін оқушы кезден бейімдеген дұрыс.
Осыған орай мектебіміздің дене шынықтыру бірлестігі Талдықорған қаласы мектептері арасындағы жасөспірім қыздар арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырды.
Баскетбол ережесіне сай командалар А және Б тобы бойынша өзара айналымды ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде 1 орынды №11 орта мектебінің командасы иеленсе, жүлделі 2-орынды №6 орта мектбінің командасы иемденді.Ал 3- орынды №12мектеп гимназиясы қанжығаларына байлады. Жарыс соңында жүлделі орындарға ие болған командаларға арнайы кубоктар, алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді. Жарыс болғасын біреуі оза шауып, біреуі жеңілістің дәмін татуы ол – заңдылық. Спортшы қыздар да осыны мойындап, алаңдағы қарсыластықты ұмытып, достықтың белгісі ретінде бірігіп естелік суреттерге түсті.