Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2019

Мерекелік іс-шаралар

2019 жылдың 18 қаңтар күні мектебімізде « Үздік жыл мұғалімі-2019» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – шығармашылықпен жұмыс істейтін, рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетті игерген, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, жан-жақты дамыған, балалар мен жасөспірімдер тәлімгері, жоғары интеллектуалды деңгейдегі дарынды ұстаздарды анықтау болды.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары төмендегі критерийлерге сай бағамдалды:
• педагогтың жалпы психологиясы –психологиялық тест;
• Таныстыру- сараптамалық жұмысты жүргізе білуі
• Жұмыс-жүйе, жеке тұлғаға бағытталған құзырлықтық, қажеттілік жағдайында заманауи сабақты, сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлай және жобалай білуі;
Байқау 3 кезеңнен тұрды.
Байқаудың қазылар алқасының шешімімен қатысқан педагогтар төменгідей жүлделі орындармен, номинациялармен, марапаттауға ұсынылды: 1-орынды бастауыш сынып мұғалімі Баймұхамбетова Жадыра Тоқтарбекқызы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразғали Елнұр Мелісұлы иеленді. Жүлделі 2-орынды ағылышын тілі пәнәнің мұғалімі Қожағұлова Назым Сайлауханқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Омар Перизат Аманкелдіқызы қанжығаларына басты.3-орынды тарих пәнінің мұғалімі Сейдахметова Айжан мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Маликова Талшын Маликқызы және Орыс тілі пәнінің мұғалімі Байсазанова Дина Асқарқызы иемденді. «Шығармашыл» номинациясына биология пәнәнің мұғалімі Ғалымбек Гүлназ Ғалымбекқызы ие болса, «Зерттеуші» номинациясымен физика пәнінің мұғалімі Тасыбекова Сания Оңдасынқызы марапатталды.
Жыл мұғалімі байқауының жоғары дәрежеде өтуіне ықпал жасаған дене шынықтыру бірлестігіне, байқаудың әділ бағасын берген әділ-қазы мүшелеріне алғыс білідеміз.