Материалы за Февраль 2024 года » Страница 3 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауы
17
февраль
2024
"Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауы
Республикалық "Жарқын Болашақ" ғылыми - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен VIII Республикалық "Жарық Жұлдыз" атты балалар өнер байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша өнер көрсеткені үшін "Домбырашылар" ансамблі 2 орын иеленді. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Айнабекова Нұржахан Садвакасқызы
"Train your brain" тақырыбында ашық сабақ
16
февраль
2024
"Train your brain" тақырыбында ашық сабақ
16.02.2024 жылы "I love English" тақырыбы аясында ағылшын тілі онкүндігінде Махамбетова Сабира Сабитовна  10"A" сыныбымен "Train your brain" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар түрлі платформаларды, миға арналған ойын жаттығуын пайдаланды.  Оқушылар жеке,жұптық,топ ішінде тұындаған мәселелерді креативті және бірлесе отырып шешу барысында айтылым, тыңдалым,оқылым дағдыларын  пайдаланып,сабаққа белсене және қызығушылықпен қатыса білді.
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы
16
февраль
2024
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы
“Жетісу ділмарлары” пікірсайыс қозғалысы жобасының “Талдықорған қалалық іріктеу турнирінде” мектебіміздің "Жеті жарғы" дебат фракциясы жүлделі III орын иеленді.   Жетекшісі: Өкен Әбілқайыр Әділғазыұлы Құттықтаймыз! 👏
Ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған  челлендж
15
февраль
2024
Ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған челлендж
🖊 Ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған  челлендж оқушылар арасында өз жалғасын тауып, өткізілуде. 1ж сынып оқушылары  1ә сынып оқушыларына жолдады.
"Robin Hood 2" тақырыбында ашық сабақ
15
февраль
2024
"Robin Hood 2" тақырыбында ашық сабақ
14.02.2024 жылы Ағылшын тілі онкүндігінде 5 "В" сыныбында ағылшын тілі пәнінен "Robin Hood 2" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Рүстембекова Назерке мақсатқа жету үшін оқушылармен жеке және жұппен тапсырмалар орындады. Сабағында әртүрлі әдістерді, бағалау түрлерін және платформаларды қолдану арқылы балалар белсенді қатысып, қызығушылығы арта түсті.
Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына арналған әскери мұражайына саяхат
14
февраль
2024
Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына арналған әскери мұражайына
Ақпан айының 14 күні мектебіміздің Жас Сарбаз сыныбының оқушылары Талдықорған қаласы #13 орта мектеп базасында орналасқан әскери техникалық мектебінде Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына арналған әскери мұражайына саяхаттап қайтты.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері
14
февраль
2024
Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау  үшін оқушыларымен Талдықорған қаласының полиция майоры А. Куралева, полиция капитаны Г. Сакенова және мектеп инспекторы С. Караулов бірлескен іс-шаралар өткізіп, 1-4 сыныптар арасында мектеп инспекторы  жолда жүру ережесі бойынша көшеде дұрыс жүре білу, жол ережелерін есте сақтау, қауіпсіз жол белгілерін жетік білу туралы түсіндіреме жұмыстарын өткізді. Сондай – ақ, мектеп инспекторы оқушыларға құқық
"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Кітап сыйлау" күні
14
февраль
2024
"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Кітап сыйлау" күні
Өмірдегі ең жақсы сыйлық-кітап. Бұл дәстүрді білгенмен біз бір-бірімізге кітаптарды сирек сыйлаймыз. Биылғы "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында Есжан Берліқожаұлы атындағы орта мектептің 4е сынып оқушылары кітапты сыйға тарту дәстүріне қайта оралды.Оқушылар кітапты ең жақсы сыйлық деп, мектеп кітапханасына балаларға арналған ертегі кітаптар сыйға тартты.
"Healthy bodies 3" тақырыбында ашық сабақ
14
февраль
2024
"Healthy bodies 3" тақырыбында ашық сабақ
14.02.2024 жылы ағылшын тілі  пән онкүндігі аясында Шалабаев Айдар Шалабайұлы 4"А" сыныбымен "Healthy bodies 3" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында Present Continuous шағымен -ing жалғаулы зат есімнің айырмашылығы туралы түсіндіріліп, пысықтау тапсырмалары орындатылды. Оқушылар берілген ойындар мен тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата алатындықтарын көрсетті.
Саптық (ленейка)  жиын
13
февраль
2024
Саптық (ленейка) жиын
13 ақпан күні мектептің ішкі ережесіне сәйкес, оқушылармен саптық (ленейка)  жиыны өткізілді.     Жиын  барысында "Мектеп лигасы" аясында облыстық жарысынан және 8-10 сыныптар арасында өткен мектепішілік олимпиада ойындары бойынша жүлделі орын алған сыныптар мен үздік ойыншылар марапатталды.