Материалы за Февраль 2024 года » Страница 4 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Robin Hood 1" тақырыбында ашық сабақ
13
февраль
2024
"Robin Hood 1" тақырыбында ашық сабақ
13.02.2024 жылы   ағылшын тілі  пән онкүндігі аясында Жексембаева Жазира 5"в" сыныбында  "Robin Hood 1" тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақ барысында мәтіндегі мәліметтерді анықтау мен аңыздың мазмұнын айту мақсатына түрлі тапсырмалар орындатты.Оқушылар өз білімдерін сабаққа белсене қатыса отырып көрсете білді.
"Imagine that!" тақырыбында ашық сабақ
13
февраль
2024
"Imagine that!" тақырыбында ашық сабақ
13.02.2024 жылы "I love English"тақырыбы аясында ағылшын тілі онкүндігінде Жаналиева Гульназ Сериккалиевна  8"A" сыныбымен "Imagine that!" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар түрлі платформалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті.  Әсіресе, 3D форматта өсімдіктердің құрылымын шынайы бейнеде көрсете алды. Оқушылар ағылшын тілінде айтылым, тыңдалым дағдыларын сабаққа белсене қатыса отырып дамыта білді.
«Өрт қауіпсіздігі ережелері»  тақырыбында қауіпсіздік сабағы
12
февраль
2024
«Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында қауіпсіздік сабағы
🔥Өрт қауіпсіздігі ережелері💥   12 ақпан күні 4"А" сынып жетекшісі Әлия Әлиханқызы «Өрт қауіпсіздігі ережелері»  тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. ✅ Мақсаты:Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
"Жаңа модификациялы үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігін қолдану" тақырыбында қалалық семинары
11
февраль
2024
"Жаңа модификациялы үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігін қолдану"
2024 жылдың 9 ақпан күні  модификациялық кабинет мүмкіндігін іс - тәжірибеде пайдалану, педагогтердің пәндік құзыреттілігін, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жаңа модификациялы үлгідегі кабинеттердің мүмкіндігін қолдану" тақырыбында қалалық семинарында  мектебіміздің химия пәні мұғалімі Алтыбаева Мадина Бөрібайқызы өз тәжірибесімен бөлісті.  Әріптестеріне де, шәкірттеріне бөлісетін тәжірибе, білімі мол Мадина Бөрібайқызына шығармашылық табыс тілейміз.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр.
10
февраль
2024
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр. 🖊 Қысқа ғана өмірінде артына ғасырдан, ғасырға жететін мол мұра қалдырған ақын  М. Мақатаевтың жұмбақ әлеміне бір сәт үңілсек, оның жырларынан әулиелік, данышпандық керемет бір қасиет бар екені байқалады. Ақын "Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім" дегенінен ақ, өлең өнерінің мәңгілік екенін байқауға болады. 🖊 Мектебімізде мұғалімдер арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Әр өлеңі - бір әлем" атты челленджі өткізілуде.
«Директор сағаты» жобасы аясында ата-аналармен жеке қабылдау
09
февраль
2024
«Директор сағаты» жобасы аясында ата-аналармен жеке қабылдау
9 ақпан күні мектеп директоры Еркинбеков Ерлан Сатаевич «Директор сағаты» жобасы аясында ата-аналармен жеке қабылдауын өткізді. Жобаның мақсаты - ата-аналар мен білім алушылардың үнін тыңдау, яғни мәселені бірлесіп шешу жолдарын қарастыру. Жоба аясында бүгін ата-ана директордың жеке қабылдауында болып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Мектеп директоры ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп,пікір алмасты.
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат
09
февраль
2024
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат
Білім алушылардың ой-өрісін, танымдық қабілеттерін және туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, туған жерге  деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында  9 ақпан күні бастауыш сынып оқушылары қаламызда орналасқан Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ
08
февраль
2024
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ  👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫 Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Достық қолын ұсын" акциясына орай "Өзін - өзі басқару" ұйымының мүшелері  мұғалімдер мен оқушыларды дос болуға шақырды.
Lesson Study зерттеу сабағының екінші циклінің үшінші сабағы информатика пәні
07
февраль
2024
Lesson Study зерттеу сабағының екінші циклінің үшінші сабағы
7 ақпан күні 6 "Б" сыныбымен Lesson Study зерттеу сабағының екінші циклінің үшінші сабағы информатика пәні бойынша өтті. Пән мұғалімі: Оспанова А. Ж Сабақтың тақырыбы: "Деректердің типтері" Сабақты зерттеу үдерісінің сұрағы: "Деңгейлік тапсырмаларды қолдану, оқушылардың білім деңгейіне қалай әсер етеді?"
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ
07
февраль
2024
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН" АКЦИЯСЫ  👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫👫 "Өзін - өзі басқару" ұйымының мүшелері  "Достық қолын ұсын" акция шеңберінде жақсы сөз - жан азығы ұстаздардың көңілдерін көтеріп, жылы сөздермен қолдап, ерекше жылы сезім сыйлады.