“ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ-НАУРЫЗ!” 🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸🌺🌼🌸
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі Көктал ауылымызда "Қош келдің Әз-Наурыз!" тақырыбында атап өтілді. ✨Қазағымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын жастар бойына дәріптеу мақсатында өткізілген мереке қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлының құттықтау сөзімен, аталарымыздың ақ жарма ниет тілектерімен бастау алды. ✨Қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді. Оқушыларымыз ән мен жырдан шашу шашты.