Рухани жаңғыру » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2019

Рухани жаңғыру

Спорт – салауаттылық кепілі, денсаулықтың тірегі. Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болу екіталай. Өйткені ол – спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы.

Бүгін мектебімізде 1-Желтоқсан Президент уүніне орай соңғы жылдары елімізде кең қанат жая бастаған каратэден халықаралық, республикалық турнирлердің жеңімпазы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Мерей Суюновпен кездесу ұйымдастырылды
Кездесу барысында оқушыларымыз сұрақтар қоя отырып, спортшылардың өмірі туралы көптеген қызықтарды, қанша жеңіске қолжеткізгендігі туралы, спортшылардың қалай тамақтанатыны туралы білді. Чемпион оқушыларға спортпен айналысатын болса қандай жағдайларға назар аудару, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін және өздері барған әлем қалалары мен халқының ерекшелігі туралы айтып, «Жетістік кілті — табандылықта», – дей отырып, алға қойған мақсаттарын жасырмады. Кездесуден кейін әрбір оқушы көкірегінде туған жерге деген зор сүйіспеншілік, салауатты өмір салтын сақтай отырып спортпен айналысуға деген құлшыныс, ешбір жанға ешқашан таптатуға болмайтын Ар мен Намыс ұғымын жоғары қоюға деген талпыныс пайда болады деген сенімдеміз.Осы кездесуді ұйымдастырған мектебіміздің дене шынықтыру пәні бірлестігіне үлкен алғыс айтамыз.


Похожие публикации:

24 апрель 2019 Рухани жаңғыру
15 февраль 2019 Рухани жаңғыру