Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2019

Мерекелік іс-шаралар

«Дені саудың – жаны сау!» деген нақыл сөзді негізге ала отырып мектебімізде 08.04-18.04 күндері аралығында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің апталығы өткізілді.
Апталықтың ашылуы 08.04 ақпанда спорт залында өтті. Салтанатты түрде, әнұранның сүйемелдеуімен ту көтеріліп дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі Г.Тұңғышбаева сөз сөйлеп, оқушыларға жылы лебізін білдірді.
Апталық барысында 8-9-10-11 сыныптар ұлдар арасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әукен Ерсұлтан волейбол жарысын өткізсе, дәл осы аталған сыныптардан қыздар арасында Ж.Амирхановта волейболдан жарыс ұйымдастырды. Г.Тұңғышбаева 5-6-7 сыныптар арасында қазақтың ұлттық ойыны жаяу көкпар ойынын өткізді.
Апталықтың жабылу барысында барлық орын алған сыныптар мақдау қағаздарымен, медальдармен марапатталып, естелік суреттерге түсті.