Жаңалықтар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2020

Жаңалықтар

Елімізде жарияланып отырған төтенше жағдай негізінде, 2020 жылдың
29-30 сәуір аралығында қашықтықтан оқытылу жағдайына байланысты оқушылардың психологиялық саулығын сақтау мақсатында мектеп психологтары Жанна Турсынмамедқызы мен Назыкен Бидикенқызы 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн жиналысын өткізді. Ол жерде жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу шаралары бойынша, компьютер, ұялы телефон, интернет көмекші бола алады, бір жағынан жасөспірімнің жеке кеңістігіне үлкен қауіп төндіретін ақпараттық жау болуы да мүмкін екенін түсіндіре отырып, тиімді пайдалануда психологиялық жағынан бірнеше кеңес, ұсынымдар және бейнеролик ұсынылды.
Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында отбасылық құндылықтарды нығайтудың тамаша құралы отбасы тақырыбына арналған көркем әдебиетті бірлесіп оқу және талқылау, бұл бала бойына мейірімділік сезімін дарытуға, жағымды әсерлер алуға және отбасына, ата-анасына, аға-іні, әпке-қарындас, ата-әжесіне қамқорлықпен қарауға жағымды мотивациялық ұсыныс, кеңестер береді. Ата-аналар өз ойларын айтып, сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, ата-аналарға:
«Мойымаңыз, өз балаңызға деген махаббатыңыз бен құрметіңізді жоғалтпаңыз, доста, ата-анада бола біліңіз» дегіміз келеді.