21
март
2024
⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МҰРАСЫ⚜️
🔰 Мектебімізде дене шынықтыру пәні бірлестігінің бастауымен 2019 – 2025 жылдарға арналған 5 кезеңнен тұратын «Ұлттық ойын – ұлтымыздың мұрасы» жобасы жоспарланған болатын. Бұл жоба бойынша 3 кезеңнің жұмыстары өз уақытында жүзеге асырылды. 2023 – 2024 оқу жылында 4 - кезең, яғни, «Жаяу көкпар» ұлттық ойыны насихатталуда. Жас ұрпаққа ойын ережелерін үйретіп, ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында 20 наурызда мектепішілік 7 – сыныптар арасында «Жаяу көкпар» ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Үздік ойын көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұстаздар оқушыларды ұлттық ойын арқылы белсенділікке, күштілікке, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиеледі.
Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру пән мұғалімдері: Е. Оразғали, Е. Әукен, Ұ.Таир.
Жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру пән мұғалімдері: Е. Оразғали, Е. Әукен, Ұ.Таир.