«Ұлттық құндылықтарды сабақта тиімді қолдану» шебер сынып » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
март
2024

«Ұлттық құндылықтарды сабақта тиімді қолдану» шебер сынып

⚜️ «Ұлттық құндылықтарды сабақта тиімді қолдану» шебер сынып 

⚜️ Ұлттық сана-сезімі жоғары, өз елінің салт-дәстүрін, тарихын жақсы білетін, тілін сүйетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 28 наурызда қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтарды сабақта тиімді қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізілді. 
⚜️ Шебер сынып барысында қатысушы ұстаздар бір-біріне асық беру арқылы жылы лебіз білдіріп, «Киіз үй», «Домбыра», «Асық» топтарына бөлінді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмада ұлттық құндылыққа түсініктеме беріп, ұлттық бес құндылықты атап көрсетіп,  оқушы бойына ұлттық құндылықты игерген тұлға қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шебер сынып соңында арқан тарту, бәйге ойындары ойнатылып, қатысушы ұстаздар қара жорға биін билеп тарасты.
⚜️ Бабадан мирас болған ұлттық құндылықтарымызды қолдау мақсатында, әр пән мұғалімі өз сабақтарында ұлттық құндылық элементтерін тиімді пайдалану керектігі іс-тәжірибе жүзінде көрсетілді. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жиі дәріптеліп отырғаны абзал. Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру шараларының ауқымы озық тәжірибеге айналады деп сенеміз.