Дәуірдің дара ұстазы... » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2021

Дәуірдің дара ұстазы...

15 қазан күні "ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағлымы" жобасы аясында Шығыс өңірлік орталығы, Қанипа Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік зертханасымен бірлесіп, заманауи білім беру жүйесінде Қ.Бітібаеваның озық технологиясының өміршеңдігін насихаттау мақсатында "Дәуірдің дара ұстазы..." тақырыбында онлайн кездесу өтті. Аталған іс-шараға Қ.Бітібаеваның педагогикалық еңбектерінің мұрагері Б.Ауғанбаева, Қ.Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекшісі М.Мұқашева, КСРО Мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Қ.Бітібаеваның облыстық оқу-әдістемелік мұражайының жетекшісі Қ.Сағиева қатысып, ұлағатты ұстаздың педагогикалық еңбектерімен таныстырды. Сонымен қатар, біздің мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Жүнісбек "Ой тастау, ойланту, ойлау" технологиясын қоладану бойынша тәжірибесімен бөлісті.