Жыл мұғалімі байқауы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
апрель
2023

Жыл мұғалімі байқауы





«
Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі » КММ-сінде  «Жылдың үздік мұғалімі» дәстүрлі мектепішілік байқауы өтті. 2023 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған 6 мұғалім қатысып бақ сынады.

Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар ықшамсабақтар өткізіп, эссе жазып, «Менің педагогикалық кредом» атты жұмыс жүйесін қорғады.,

Қазылардың шешіміне сай, 3 орынды дене шынықтыру  пәні мұғалімі Әлтай Ауесхан мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Айдар Шалабаев иеленсе, жүлделі, 2 орын математика пәнінің мұғалімі Айман Бекмурзинаға бұйырды. 1 орынды  орыс тілі  пәнінің мұғалімі  Жанар Нұрахметова мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Абеуова қанжығасына байлады. Ал бас жүлдені болса  бастауыш пәні мұғалімі  Кенжегүл Алсай жеңіп алды. 

Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Ал байқау жеңімпазы  қалалық   жыл мұғалімі конкурсына, үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі конкурсына,  үздік бейнесабақ байқауына, үздік сынып жетекші байқауына жолдама алды.