«Біз біргеміз!»
«Біз біргеміз!» Осындай атаумен Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінде жас мамандардың бастамасымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Бұл жәрмеңкеге мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар қатысты. Мектепте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар оқиды. Олар қашанда қоғамның қамқорлығына мұқтаж. Сондықтан да мектеп оқушылары, ата-аналар және ұстаздардың қолдауымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, мектеп оқушылары шара барысында әртүрлі қолдан жасалынған бұйымдарды,