«Жол ережесін есте сақта!» тақырыбында үгіт-насихат акциясы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2018

«Жол ережесін есте сақта!» тақырыбында үгіт-насихат акциясы

«Жол ережесін есте сақта!» тақырыбында үгіт-насихат акциясы өткізілуде.
2018 жылдың 22 қазан күні №11 орта мектебінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауда Талдықорған ҚІІБ жол патрульдік полициясының 3 взвод командиры полиция аға лейтенанты Алпысбеков Серікбек Олжабайұлы, ЖППР қызмет инспекторы полиция лейтенанты Қ.Босқынов, полиция сержанты Н.Қыстаубаев және мектеп испекторы С.Қараұловпен бірлескен іс-шара жүргізілді. Бұл шара көшеде дұрыс жүре білу, жол ережелерін есте сақтау, қауіпсіз жол белгілерін жетік білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. 1-4 сыныптар арасында мектеп инспекторы С.Қарауловпен жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жол қозғалысы ережелерін және өзін-өзі сақтау шаралары бойынша «Жолда жүру ережесін білеміз бе?», «Жол ережесін есте сақта!», «Абайлаңыз, балалар!» атты сынып сағаттары, 5-11 сынып оқушылары аралығында жол қозғалысы ережелерін және өзін-өзі сақтау шаралары бойынша дөңгелек үстел, түсіндіру жұмыстары өтті.
[center]«Жол ережесін есте сақта!» тақырыбында үгіт-насихат акциясы