21
март
2025
21 наурыз. Ынтымақ күні
Наурыз мейрамының тұжырымдамасына сәйкес 21 наурыз – Ынтымақ күні. Ынтымақ күніне орай мәдени мұрамызды, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақ халқының ұлттық аспаттарын насихаттау, дәріптеу мақсатында мектебімізде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық аспаптар – ұлт мұрасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шарада оқушылар қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын домбыра, жетіген, қобыз сынды ұлттық аспаптардың шығу тарихын, құрылысын, олар туралы аңыздар жайында айтып, домбыра және жетігенде күй орындады. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, ұлттық аспаптарға деген зор құрметін таныта алды.
