"2025 жылы - Жұмысшы мамандықтар жылы!" «Талдықорған қаласының Авиценна медициналық колледжі" » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2025

"2025 жылы - Жұмысшы мамандықтар жылы!" «Талдықорған қаласының Авиценна медициналық колледжі"


«Талдықорған қаласының Авиценна медициналық колледжіне» «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық» аясында экскурссия ұйымдастырылды.
Экскурсия мақсаты:
Оқушыларды медициналық білім беру жүйесімен таныстыру, болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру, медицина саласына қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, оқу орнының материалдық-техникалық базасын, оқу үдерісін және студенттердің тәжірибелік сабақтарын көрсету арқылы білім алуға деген ынтасын ояту.
Экскурсия барысында оқушыларға колледждің тарихы, миссиясы мен мақсаттары туралы ақпарат берілді. Мамандықтар түрлері (мейірбике ісі, фармация, акушерлік, т.б.) таныстырылды.
Оқу аудиторияларына саяхат жасалды.
Жалпы білім беру пәндері оқытылатын сыныптар көрсетілді. Арнайы пәндерге арналған зертханалар мен симуляциялық кабинеттерге барды (мысалы, алғашқы көмек көрсету, анатомия, физиология бөлмелері). Экскурсия өте әсерлі әрі мазмұнды өтті.