14
май
2025
«Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау»
2025 жылдың 14 мамырында Еркін ауылдық округінің амбулатория меңгерушісі Р. Н.Жанбырбаева екінші қалалық емхана гинекологі Г.К. Байгесенова, мектеп медбикесі С.К.Кайнарова жоғары сынып оқушыларына «Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізді. Жұмыс барысында жасөспірім шақтағы физиологиялық жетілу, физиологиялық өзгеріс, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, алдын алудың принциптерін және зардаптары туралы айтылды. Іс шараға 86 оқушы қатысты.