«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2025

«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты

Бүгін мектебімізде 1–11 сыныптар "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
📍 Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Отанның қадір-қасиетін ұғындырып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, еліміздің тарихын, мәдениетін, жетістіктерін таныту, болашаққа деген сенімін нығайту болды.
📕 Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, туған жердің әсем табиғаты мен тарихи орындары жөнінде мағлұматтар берді. 
🇰🇿Мемлекеттік рәміздеріміздің маңызы мен елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктеріне де тоқталды. Әрбір бала өз жүрегіндегі Отанға деген ыстық ықыласын білдіріп, болашаққа деген арман-мақсаттарын бөлісті.
🇰🇿 Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің Отаны. Бұл – біздің ортақ шаңырағымыз, болашаққа деген сеніміміздің тірегі. 
📍Бүгінгі ұрпақ елін сүйіп, туған жерін қастерлей білсе, ертеңгі тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болары сөзсіз.
✨ Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, олардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға септігін тигізері анық.