13
декабрь
2019
Мерекелік іс-шаралар
«Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!» деп ұрандаған, жүрегінде жалыны бар белсенді оқушылар «Жас ұландар» мен «Жас қырандар» құрамына мүшелікке қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін және туған тілі мен дінін дәріптеуге, отандастарымыздың даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке баулитын, сонымен қатар туған елінің жанашыр азаматы болып өсуіне зор ықпалы бар осынау ұйым балалар үшін маңызы айтарлықтай үлкен деп айтуға болады.
Сайдың тасындай іріктеліп алынған оқушылардың жанарынан білімге деген құштарлық пен болашаққа деген сенім көрінеді. Болашақта «Мәңгілік ел» тізгінін ұстайтын азаматтар, бүгінгі «Жас ұлан» және «Жас қыран» қатарына кірген оқушыларымыз екені анық.
«Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгісі және галстуктерді табыстау рәсімін мектебіміздің директоры Г.Бейсекенова мен ұлағатты ұстаздар Л.Барлыбаева, Г.Ержанова, Р,Қилыбаева, Н.Джумагелдинов, Б.Ешмухамбетова және мектеп әкімшілігі мен мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері табыстады.
Іс-шара барысында 7 сынып оқушылары Талей Жансая мен Әшім Шұғыла патриоттық әндер орындап мерекелік шараның көілді өтуіне өз үлестерін қосты.
#ТәуелсізҚазақстан
#ЖасҰлан
#Жасқыран
#11мектеп