21
октябрь
2025
«Менің Қазақстаным» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өтілуде.
«25 қазан – Республика күнін» және Мемлекеттік егемендік туралы декларациясының 35 жылдығына арналған іс шара жоспарына сәйкес
2025 жылдың қазан айының 17-24 күндері аралығында «Менің Қазақстаным» тақырыбында сынып сағаттары өтуде.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ел рәміздерін құрметтеуге, Отанымыздың тарихы мен жетістіктерін мақтан етуге тәрбиелеу болды.
Сынып сағаты барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жолындағы жетістіктерімен танысып, еліміздің тарихына, табиғатына, ұлттық құндылықтарына қатысты бейнероликтер тамашалады. «Менің Қазақстаным» әні орындалып, оқушылар Отан туралы өлеңдер оқыды, «Біздің еліміздің болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.
