Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандарымен кездесу
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандарымен кездесу
2 желтоқсан күні 8,9,10 сынып оқушыларымен Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Мырзакулов Дастан Маликжанович және Облыстық психикалық денсаулық орталығы дәрігер-нарколог маманы Мұхамеджан Талшын Сағдатқызымен «Нашақорлық-адамзатқа берілген аң ауыр жаза» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге 80 оқушы қатысты.
Кездеудің мақсаты — оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зиянды заттарға, әрекеттерге тәуелділіктің алдын алу және салдарын жою.
Жиналыс барысы: Жиналыстың өткізілу мақсатын және негізгі мәселелерін таныстырылды. Есірткімен күрес мәселелеріне қатысты құзырлы органдар баяндама жасап, маңызды мәселелер талқыланады, бейне роликтер көрсетілді. Оқушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
