«5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2025

«5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні»

Қыркүйектің  10-ы күні мектебімізде «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай іс-шаралар жоспары негізінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Турысбекова Мадина мен Омар Перизат 8-сынып оқушыларымен «Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы, тілдің жанашыры» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
Дөңгелек үстел барысында қазақ халқының ұлы ағартушысы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы талқыланды. Қатысушылар оның қазақ тіл білімін қалыптастырудағы еңбегі, әліпби реформасы, «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» еңбектері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсыновтың Алаш қозғалысындағы орны, ұлт тәуелсіздігі үшін күресі және халыққа қалдырған рухани мұрасы айтылды.
Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың «Ұлт ұстазы, тілдің жанашыры» атануының мәнін түсінді. Ол – қазақ халқының мәңгілік мақтанышы, ұлт болашағы үшін аянбай қызмет еткен қайраткер екендігі тағы бір мәрте айқындалды.