"5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні" атты онкүндік туралы » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2018

"5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні" атты онкүндік туралы

Тілдер мерекесіне арналған «5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні» атты онкүндіктің ашылуы 5 қыркүйек күні салтанатты түрде ашылды. Тәрбиелік іс – шара мектептің акті залында «Әрқашан күн сөнбесін» атты өлеңді үш тілде орындаумен басталып, ашылу салтанатына ҚР Гимні орындалып, мектебіміздің директоры Г.Бейсекенова құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды осы онкүндікте белсене атсалысуға шақырды. Іс-шара барысында орыс сыныптарында оқитын оқушылар: 6г сыныбы Серая Алина, Роденкова Ангелина, қазақ тілінде шығармаларды жатқа айтып өзара сайысқа түсті, 5г сыныбы Измаилова София, Бекбай Жанель, 9ә сыныбының оқушылары: Жасқайратұлы Нұрасыл,Қуат Ерасыл, Дәулетқызы Меруерт «Төле би» туралы аңыздан үзінді көрсетті, 11г сынып оқушысы Данилов Руслан Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» өлеңін айтып, оған бүкіл зал қосылды. Іс – шара барысында оқушыларға жүргізуші 11 сынып оқушысы Салойдинова Ясмина мен Данилов Руслан ҚР Тілдер мерекесі туралы көптеген мәліметтер берді. Оқушылар іс-шараны көтереңкі көңіл-күймен, жылы қабылдады. Тілдер онкүндігіне байланысты бастауыш сынып мұғалімдері, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері сабақтан тыс ашық сынып сағаттарын өткізді. «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы» атты эссе байқуы 9-11 сынып аралығында өтті. Эссе латын қарпінде жазылды. Байқауға оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән бірлестік жетекшісі Жүнісбек Лаззат Ниетқызы, Орыс тілі мен әдебиеті пән бірсеткік жетекшісі Еділбай Ардақ Еділбайқызы, ағылшын тілі пән бірлестік жетекшісі Гумабекова Гулсім Нурсуланқызы.
 

 

"5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні" атты онкүндік туралы

 

"5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні" атты онкүндік туралы

 

"5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні" атты онкүндік туралы

 

"5-қыркүйек-Қазақстан халқы тілдерінің күні" атты онкүндік туралы