17
сентябрь
2018
Мектеп оқушылары «Қала күні» мерекесіне орай орталық "Жастар" саябағында "Балалар әлемі" тақырыбында ұйымдастырылған түрлі шараларға қатысты
2018 жылдың 15 қыркүйек күні «Қала күні» мерекесіне орай орталық «Жастар » саябағында «Балалар әлемінде» атты іс-шаралар өтті. Балаларға арналған мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысты. «Өнерлі жас суретшілер» атты асфальтқа сурет салу байқауына 4б сынып оқушылары «Менің туған қалам –Талдықорған» тақырыбындағы суретінде өз қаласына деген сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, қаламыздың көрікті жерлерін мақтанышпен бейнеледі. «Жырымды саған арнаймын,Талдықорған» жас ақындар байқауына 10Б сынып оқушысы Иманбетова Ақпейіл «Туған жер» атты өзінің төл шығармасымен қатысып, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Жүнісбек Лаззат Ниетқызы. «Балалар әлемі» атты қала күніне орай ұйымдастырылған сән байқауында 8Г сынып оқушысы Кравцова Светлана алғыс хатпен марапатталды. Мереке өз деңгейінде өтіп,балғын балалар өз қатарлас достарының өнерін тамашалап, бақытты сәтке бөленді.



