09
февраль
2023
"Қазақстан Армиясына қосқан үлесі" тақырыбында ерлік сабағы
9 ақпан күні мектебімізде "Қазақстан Армиясына қосқан үлесі" тақырыбында генерал- лейтенант Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаровты еске алу ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағының мақсаты әскери-патриоттық қозғалыс тәрбиеленушілерінің туған еліне, жеріне, Қазақстанның Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру болып отыр. Оқушылармен кездесуге Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бастығының орынбасары Мұқан Естайұлы Дюсекеев келді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, көптеген қызықты оқиғалар тыңдады. Қазақстан Армиясына үлес қосқан, қазіргі қазақ батырлары туралы мәлімет алды.




