05
сентябрь
2023
5 қыркүйек Республикалық Тілдер күні
5 қыркүйек Республикалық Тілдер күніне орай, мектебімізде 4 – 14 қыркүйек аралығында Тілдер онкүндігінің жоспары құрылды. Осыған орай, 4 қыркүйекте «Тілім менің - тірлігімнің айғағы» атты онкүндіктің ашылуы болды. Бойымызға ана сүтімен дарыған баға жетпес байлығымыз - тілге деген құрмет пен жанашырлықты ояту мақсатында ұйымдастырылған жиында мектеп оқушылары тілге арналған өлең, жырларын оқып, ән, күйлерін шырқады.

