"Рәміздерді насихаттау".
31 қаңтар күні «Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» тақырыбында кітапхана оқырмандары арасында тәрбие сағатын кітапханашы А.Жаналиева өткізді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Мақсаты:Тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру мақсатында сабақта олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, әнұран, ту туралы білімдерін қалыптастыру.