Біз туралы » Страница 14 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
23 наурыз.  Тазару күні
23
март
2025
23 наурыз. Тазару күні
 «Наурызнама» онкүндігінің соңғы күні ұлттық экологиялық науқанға арналған.  Наурыз мерекесі ертеден табиғат тазалығын сақтауды үндейді. Мерекенің мәні – көктемнен қысқа көшу, табиғаттың жаңа өмір бастауы осының нышаны. Осы орайда мектептің айналасын тазалау жұмыстары  жасалды. 
Рейд
22
март
2025
Рейд
Түнгі рейд. Жасөспірімдердің түнде көшеде жүруін бақылау және тәртіпті қамтамасыз ету жасөспірімдердің түнде үйден тыс жүруін тоқтату мақсатында полиция басқармасы және қалалық білім бөлімімен бірлескен рейд ұйымдастырылды. Түнгі рейд барысында полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелерін аралап, жасөспірімдердің түнде көшеде болуы тексерілді. Әсіресе, түннің ортасында мектеп жасындағы балалардың көше кезіп жүруі қоғамда алаңдаушылық тудырады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай рейдтердің
21 наурыз.  Ынтымақ күні
21
март
2025
21 наурыз. Ынтымақ күні
Наурыз мейрамының тұжырым­дамасына сәйкес 21 наурыз – Ынтымақ күні. Ынтымақ күніне орай мәдени мұра­мызды, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қазақ халқының ұлттық аспаттарын насихаттау, дәріптеу мақсатында мектебімізде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық аспаптар – ұлт мұрасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.  Іс-шарада оқушылар қазақ халқының ұлттық мұрасы болып табылатын домбыра, жетіген, қобыз сынды ұлттық аспаптардың шығу тарихын, құрылысын, олар туралы аңыздар жайында айтып, домбыра және
Көктемгі демалыс алдындағы қауіпсіздік шарасы
20
март
2025
Көктемгі демалыс алдындағы қауіпсіздік шарасы
20 наурыз күні "Көктемгі демалыс" күндеріне арналған қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаев пен мектеп инспекторы С. Караулов 7-11 сыныптың білім алушыларына қауіпсіздік шараларын сақтану ережелері туралы айтылды, яғни, «Нашақорлықтың алдын алу», «Құқық бұзушылықты болдырмау», «Жолда жүру», «Түнгі уақытта көшеде жүрмеу», «Су тасқынынан абай болу керек», «21-31 наурыз аралығында Рейд» жүргізілетіндігін
Құқықбұзушылықтың алдын алу.
20
март
2025
Құқықбұзушылықтың алдын алу.
«Құқық бұзушылықтың алдын алуға» бағытталған жоспарға сәйкес 20 наурыз күні ұйымдастырылған «Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу» тқырыбында 8,9,10 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Қабаевта іс-шара ұйымдастырды. Шараға қалалық "Салауатты өмір салтын" қолдау орталығының мамандарыда қатысты. Іс-шарада қазіргі қоғамдағы орын алып жатқан жағдайларға байланысты келесідегідей мәселелерге тоқталып өтті: 1. Құқық бұзушылықтың
20  наурыз. Ұлттық спорт күні
20
март
2025
20 наурыз. Ұлттық спорт күні
Ұлттық спорт түрлері жай жарыс емес, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі   мен құндылықтарын бейнелейтін мәдени мұраның маңызды бөлігі.   Ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттауға арналған. Бұл күні азаматтарды спорттық дәстүрлер мен дала халықтарының бай мұрасын тануға, тән мен жан үйлесіміне ұмтылыс біріктіреді. Көкпар, асық ату, қыз қуу, күрес сынды дәстүрлі спорт түрлерінің тамыры сонау Ұлы Дала тарихында жатыр.  Бүгін мектебімізде  Наурызнама»
18 наурыз.  Ұлттық киім күні
18
март
2025
18 наурыз. Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – халықтың сыртқы келбеті мен ішкі өзіндік санасы арасындағы терең байланысты сезіну. Ұлттық киім – қазақ халқының құндылықтарын, тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын бейнелейтін өткен дәуірдің естелігі. Ол бүгінде ұлттық мақтаныштың, эстетикалық көріністің символына және жаңа заманға ұштасқан қымбат мұраға айналда. Қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрінісі. Бұл күні қазақстандықтар өздерінің бірегейлігін дәстүрлі киім арқылы көрсете отырып, мәдени мұраның
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
17
март
2025
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
“Бала қауіпсіздігі басты назарда” бүгін мектепішілік ата аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Бала қауіпсіздігін қамтассыз ету бағытындағы іс шаралар. 2. ⁠Мереке, демалыс күндеріндегі балалардың қауіпсіздігі 3. Оқу процесі кезіндегі ұялы телефон қолданбау мәселесі. 4. Құқық бұзушылықтың алдын алу.
16 наурыз.  Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні
16
март
2025
16 наурыз. Мәдениет және ұлттық салт дәстүр күні
         Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 наурыз "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" бесікке салу, тұсаукесер т.б. салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында   1 сынып  оқушыларының қатысуымен және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тұсаукесер көрінісі қойылды. Мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра ретінде берілуінің маңызын оқушыларға түсіндіру. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге адал болуға, оны қастерлеп, үнемі
15 наурыз - “Қайырылымдық күні"
15
март
2025
15 наурыз - “Қайырылымдық күні"
Наурызнаманың онкүндігі бойынша  15 наурыз - “Қайырылымдық күні”.  Қайырымдылық жасау – ізгіліктің белгісі. Қайырымдылық – адамзаттың ең асыл қасиеттерінің бірі. Қазақ халқы ежелден мұқтаж жандарға көмек көрсетуді парыз санаған. «Қайырымдылық – қайырлы іс» деген сөз бекер айтылмаған.  Бұл ұғым тек материалдық көмекті ғана емес, рухани қолдау көрсетуді де қамтиды. Кейде бір жылы сөздің өзі адамға демеу бола алады. Сондықтан әрбір адам мүмкіндігінше жақсылық жасап, өз үлесін қосып отыруы керек.