Жетістіктеріміз » Страница 2 » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 42-05-92
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әрбір бала-жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші
30
январь
2025
"Әрбір бала-жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" атты дарынды оқушыларды
🏆Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында "Әрбір бала-жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет" атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті. Кеш барысында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңінде I орын иеленген 19 оқушымыз  қалалық білім бөлімінің атынан арнайы мадақтама мен  бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ауыл олимпиадасының жеңімпаздары
29
январь
2025
Ауыл олимпиадасының жеңімпаздары
🏆2025 жылдың 29 қаңтарында "Жетісу дарыны" облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу әдістемелік орталығы "Ауыл мектептері" арасында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттады.  🏆Мектебіміздің  жеңімпаздары  🥇Мұхтарұлы Рахым 9 сынып  🥇Тян Григорий 10 сынып 🥇Ордабекова Аяжан 10 сынып 🥈Сламбек Кәусар 9 сынып 🥈Саржан Әдемі 10 сынып 🥈Айқынұлы Ералы 10 сынып  🥈Мырзахан Олжас 11 сынып  мақтау қағазымен марапатталып,
Жас Сарбаз
24
декабрь
2024
Жас Сарбаз
2024-2025 оқу жылындағы "Жас Сарбаз" әскери спорттық жарысында мектебіміз 1 жүлделі орын алды, жетекшісі АӘД пәнінің мұғалімі Е.Искаков
Ауыл олимпиадасының жеңімпаздары
30
ноябрь
2024
Ауыл олимпиадасының жеңімпаздары
Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен Республикалық олимпиаданың қорытындысы мектебіміздің  9 сынып оқушысы Мұхтарұлы Рақым химия пәнінен 3 орын иеленіп,  жеңімпаз атанды. Мектеп мәртебесімен, облысымыздың намысын қорғаған оқушымен жетекшісі химия пәні мұғалімі Алтыбаева Мадина Борибаевна  ризашылығымызды білдіреміз.
"Абай оқулары" байқауы
05
апрель
2024
"Абай оқулары" байқауы
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен қалалық "Абай оқулары" байқауының "Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары" бағытында мектебіміздің  9 сынып оқушысы Жетпісбай Ақнар жүлделі  ІІІ орынға ие болды.  Жетекшісі: Стыбаева Римма Мұратханқызы
"Заманауи сабақ - педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші" қалалық үздік сабақтар фестивалі
04
апрель
2024
"Заманауи сабақ - педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші" қалалық үздік
Жетісу облысының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен "Заманауи сабақ - педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші" қалалық үздік сабақтар фестивалінде бастауыш білім беру бағыты бойынша Кожабекова Назгуль Кульбатыровна қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.  Құттықтаймыз! 👏
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗ!
29
март
2024
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗ!
🏆 Білім саласы қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған жарыста мектебіміздің командасы төмендегідей нәтижеге көрсетті   🥇Волейболдан ұлдар командасы І орын  🥈Қыздар командасы ІІ орын  🥇Тоғызқұмалақ І орын  🥈Теннис ІІ орын  🥈Баскетбол ІІ орын 🏆 Жалпы командалық  есепте мектебіміз         ІІ орынға ие болды. 
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗ!
20
март
2024
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІМІЗ!
Белбеу күресінен 2007-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында "Наурыз" мейрамына арналған Жетісу облысының ашық біріншілігінде мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Медер Нұрсұлтан І орынға ие болды.
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІК!
29
февраль
2024
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІК!
"ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" ММ "ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ" КММ-нің ұйымдастыруымен ДТІЖО, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілерге арналған аймақтық шебер-сынып байқауы өтті. Байқауға  мектебіміздің ДТІЖО М. Қасымбекова,  мектеп психологы Алсаева Ж., әлеуметтік педагог Амирханова Ж., педагог ұйымдастырушы  Өкен Ә., сынып жетекші Л. Жүнісбек қатысып, жүлделі II орынды жеңіп алды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
ОҚУШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ!
27
февраль
2024
ОҚУШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ!
🔰2024 жылдың 23 ақпан күні "Жетісу дарыны"оқу-әдістемелік орталығы #20 мамандандырылған лицейі ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептердің 4 - сынып оқушыларына арналған математикалық турнирде мектебіміздің  "Жас математиктер" командасы жүлделі III орынға ие болды.