17
февраль
2026
Тәжірибе алмасу шеберлікті шыңдайды
Lesson Study сабақты зерттеу жоспары бойынша 17.02 күні "Табыс" тобы Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалай дамытамыз? зерттеу сұрағына сәйкес 6 "А" сыныбымен "A perfect holiday" тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу сабағын ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Сейсембекова жүргізді. Топтың зерттеу сұрағына сәйкес және оқу мақсатына сәйкес сабақ барысында оқушылардың деңгейіне қарай саралау тапсырмалары, ЖИ платформалары қолданылды. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында үй тапсырмасын "Learning Apps ", платформасында сәйкестендіру тапсырмалары орындалды. Топтық,жұптық және жеке жұмыстарда оқушылар тиімді жұмыс жасай білді. Зерттеу сұрағына сәйкес оқушылар "Question station" әдісі бойынша ашық сұрақтарға, "Think- pair- share" әдісі бойынша ауызекі сөйлеу дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
" Finish the Sentence" әдісі арқылы кері байланыс берілді. Топ мүшелері: Г. Жумабекова, М. Чильдебаева, С. Махамбетова, Г. Жаналиева, А, Сейсембекова
" Finish the Sentence" әдісі арқылы кері байланыс берілді. Топ мүшелері: Г. Жумабекова, М. Чильдебаева, С. Махамбетова, Г. Жаналиева, А, Сейсембекова