23 наурыз Тазару күні
23 наурыз күні Наурызнама жоспарына сәйкес «Тазару күні» өтті. Мақсаты: қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау. Тазару күні төмендегідей жұмыстар кіші қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асырылды. Мектеп ауласындағы қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды, ағаштар мен бұталардың түбі қопсытылып, құрғақ бұтақтар кесілді. Сонымен қатар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, мектеп ауласына жеміс ағаштары, терек, үйеңкі, қарақат, шие ағаштары отырғызылды. Өткізілген тазалық шаралары ұжымның