22
март
2026
22 наурыз – Жыл басы!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 22 наурыз – Жыл басы, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Еркін ауылдық округінің «Абай этно ауылында» кең көлемде аталып өтті.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары, әсіресе оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді, Наурыз көженің дайындалуы, бауырсақты әзірлеудің жолдарымен танысты. Сондай-ақ, Талдықорған эстрада әншілерінің орындауындағы халық әндерін, би өнерлерін, түрлі мәдени және спорттық бағдарламалар арқылы мерекенің мағыздылығын білді. Мереке оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты нығайтты. Білім алушылармен қаламыздың әкімі Бәзіл Ернат Дуйсенбекұлыда ұлттық асық ойынына қатысып, жасөспірімдерге ізгі тілегі мен ниетін білдірді. Аталған іс-шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелік мәні зор рухани орта қалыптастыруға ықпал етті.