Мерекелік іс-шаралар » "Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы № 11 орта мектебі" КММ
«Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
"Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы
№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 21-80-55
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2020

Мерекелік іс-шаралар

Өзін-өзі пәнінің онкүндігі 27.01-07.02.2020ж аралығына жоспар жасалынды. Жоспарға сәйкес С.А.Назарбаеваның туылған күніне орай ұйымдастырылған слайд әзірленіп, ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Онкүндіктің ашылу салтанатын өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері сөз сөйлеп,Сара Алпысқызының еңбек тәжірибесі жайлы атап өтті.
27.01.2020 ж. «Сізге деген сүйіспеншілікпен!» тақырыбында Маликова Т.М,Алсаева Ж.Т.,Тойшыбекова Н.Б.,Картемиш Б.,Джайлемисова А. Сара Назарбаева Алпысқызына арналған бұрышын жасады. Және де сол күні «Мейірім, сүйіспеншілік» тақырыптарындағы ашық хаттар сурет және қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылып,мектеп залына ілінді. Көрмеге оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын койып, белсене қатысты. Сурет,қолөнер,ашық хаттардың ішіндегі үздік жасағандарына мақтау қағаздарымен марапатталды. 28.01.2020 жылы Омарова С.А жетекшілігімен «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында 1 сыныптар арасында ертеңгілік іс-шарасы өткізілді.Оқушылар қызыға атсалысты.Көрініс қою арқылы әдептілік түрлерімен танысты.
30.01.2020 жылы Елюбаева А.Ж. жетекшілігімен «Жақсы мен жаман» тақырыбында 2сыныптар арасында ертегілер елінде іс-шарасы өткізілді.Шара барысында оқушылар ертегіден жақсы,жаман қасиеттерді ажырата біліп,ертегіден жақсы әсер алды.Оқушылар өздерін жақсы қырынан көрсетті.
04.02. 3-сыныптар Тұрсынжанова А.Е. жетекшілігімен «Мейірімділік-асыл қасиет» агит бригада байқауы өткізілді.Оқушылар белсене атсалысып қатысты.
04.02. Маликова Т. 2 «Б» сыныбымен «Кешіре білуді үйренеміз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың құрылымы өте жоғары өтті. Жаңа технология элементтерін (топқа бөлу,постермен жұмыс,рефлексия).Сабаққа мектеп мұғалімдері қатысып,өздерінің ой пікірлерін айтып өтті.Оқушылар белсенділік танытты.Өзін-өзі тану пәнінің өткізудің жаңа әдістерін көріп,жағымды ой-пікірлерін айтты. Сабаққа мектеп әкімшілігі қатысты.
05.02. Картемиш Б. 8 «Ә» сыныбымен «Менің сыныптасым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсатын тәжірибе арқылы ашып көрсетті.Жаңа технология элементтерін (топқа бөлу,постермен жұмыс,рефлексия).Сабаққа қатысқандар жақсы пікірмен шықты. Сабақтың жоспары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған, танымдық қызығушылықтарын арттыруда мұғалім интерактивті тақтаны тиімді пайдаланды, сабақ өте қызықты өтті. Сабаққа мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі қатысты.
05.02. Алсаева Ж. 6 «А» сыныбымен «Мен және қоршаған әлем» ашық сабақ өткізілді. Сабақтың құрылымы өте жоғары және жас ерекшеліктеріне сай, интерактивті тақтаны тиімді пайдаланды. Сабақ қызықты өтті. Оқушылар топқа бөліну арқылы сабақта өздерін жаңа қырынан көрсетті.
06.02. Кенжебаева Н. 4-сыныптар арасында «Өнегелі отбасы» интеллектуалды ойыны ата-ана мен бала қатысу арқылы өткізілді. «Өнегелі отбасы» интеллектуалды ойын 4 кезеңнен құралды.Атап өтсек,І бөлім «Табалдырық», ІІ бөлім «Мақал сөз мәйегі», ІІІ бөлім « Қозы көш», ІV бөлім «Тапқырлар» сайысы, V бөлім «Көп ойла,тез ойла».Оқушылар қызыға қатысты.Ең соңында мақтау қағаздарымен марапатталды.
06.02. Тойшыбекова Н. 5 «Б» сыныбымен «Адами қарым-қатынастар әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың жоспары, құрылымы сынып оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, қарым-қатынастарын арттыра отырып, слайд тиімді қолдана білді. Сабаққа мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі қатысты.
07.02. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты мектепішілік онкүндіктің жабылу салтанаты ұйымдастырылды. Қорытынды кеште онкүндікте атсалысқан оқушыларға мақтау қағаздары ұсынылды.

Похожие публикации: